28 декабря 2010 года в28.12.2010 20:41 0 0 10 1

Аларың бар ма?

Аямай саған берейін,

Шашылған баймын, байыған сайын кедеймін.

Барымды бақпай, жоғымды іздеп кезбесем

Жолыққанда жолдарда саған не деймін.

Аларың бар ма?

Жасқанбай кел де ала бер,

Бөлісем жылы арманыммен де бөлегенше суық қара жер.

Алдама, бірақ, арқалап алып арымды

Махаббатыма сол арым арқау болса егер.

Аларың бар ма?

Ақысыз алшы басқасын,

Үмітімді берем үкілеп саған, үзіле қалса сақтасын.

Алмашы, бірақ, өзімнен үзіп берсем де,

Мұңымды сұрап, көзіңнен шуақ шаттықтан ғана жас тамсын.

Аларың бар ма?

Ұсынайын кең дүние думандарын,

Күміс күлкім, ашуды – долы дауыл.

Сен барда жүрегімде жыр жанады,

Ей, Өмір, өлеңмен емес өзіңмен ауырамын.

Аларың бар ма?

Жырымды ал жаһанға бұйырмаған,

Қаласаң, өлең оқып берейін құйындаған.

Сенімімді сыйлайын сертке берік

Ертіп сені сүйретер қиындардан.

Комментарии

Зарегистрируйтесь или войдите, чтобы добавить комментарий

Новые заметки пользователя

KIMMIN-MEN — Megabytes of Thoughts. Archive

0

Мазасыз өмір тәттісің-ау, Қаттысың-ау деп бола ма сені тым қатты сынау. Жағыңа салған жұмыр жаңғақ жарылмаса – Сағың да сынар...

0

Мисс Блади Мэри

Қызыл көйлекті мисс Блади Мэри Қызыл ерніне бокалды көтеріп, төңкерді… — Бармен, қайталаңыз! Қызарған қаңтарлық кеште қызар...

0

700 - 500 = Пайда

Күн Есіл елімен ертеңге дейін қоштасып, өзге көкжиектерден көрінуге асыққан уақыт. Қараңғы кеш. Есіл жағасында екі бала ақ раушан гүлін с...

0

Аларың бар ма? Аямай саған берейін, Шашылған баймын, байыған сайын кедеймін. Барымды бақпай, жоғымды іздеп кезбесем Жолыққанд...