@kimmin-men
KIMMIN-MEN
OFFLINE

Megabytes of Thoughts. Archive

Дата регистрации: 28 декабря 2010 года

Tanacetum Ulutavicum
http://vkontakte.ru/id12075938

Мазасыз өмір тәттісің-ау,

Қаттысың-ау деп бола ма сені тым қатты сынау.

Жағыңа салған жұмыр жаңғақ жарылмаса –

Сағың да сынар, сонда да мынау -

Ақ пен қарасын қатар ұсынған

Мазасыз Өмір, қымбатсың маған!

19.02.2009ж.

Қызыл көйлекті мисс Блади Мэри

Қызыл ерніне бокалды көтеріп, төңкерді…

— Бармен, қайталаңыз!

Қызарған қаңтарлық кеште

қызара қызуды жөн көрді.

Жоқ! Ол ызаға булығып,

сезімнің құбылған, тұрақсыз,

қоштасқан арманын артық сұрақсыз,

еш бір белгісіз, жаңалықтарсыз,

жетілік жұлдызнамалық болжамдарсыз,

жиналған чемодандарсыз

қарғауда…

Қорғауда өзін тек бір ғана,

Алайда, жеңетін мыңдаған себепті, аргументпен.

Тек көкіректе кекпен.

Ақиқат пен аңыз…

Екі араның шекарасы қайсы?!

Сабырлы салқын үнмен жымия:

— Бармен, қайталаңыз!

Мысқыл күлкі жүзінде,

Оралмас он сегізбен

қоштасқалы қай жыл, қай ғасыр?!

Ал ол әлі баяғы бантикті қыздай қиялшыл…

Моншақтап мойнына ілді қаншама кінәні.

— Ақымақ!

Махаббатты барлық материядан биік қойған кім кәне?

Есті, есепті жұптар саған күліп тұр әлі.

Күтпе қайта түнгі қоңырауларды.

Өшір!

Ал ол өшірді өшін…

Кешір,

кешір, дәуірім қайталанбас.

— Бармен, тағы…

— Мисс, абайлаңыз!…

— ???

17.02.2009ж.

Күн Есіл елімен ертеңге дейін қоштасып, өзге көкжиектерден көрінуге асыққан уақыт. Қараңғы кеш. Есіл жағасында екі бала ақ раушан гүлін сатып алуды өтінді. 700 теңге.

- Қанша?

- 700 теңге.

-… алмай ма ешкім?

- Иә, алмайды.

Өзім бес жүзге алдым, жеті жүзге сатсам, екі жүз – пайда.

Білесіз бе,

сол сәтте, шығынға шыққан баланы емес,

аядым гүлді…

Тағдыры саудаға түскен,

Жаралған «пайдалы» іске…

…Жас бала гүлмен асырмақ айла…

Пайда.

Қалтамды тескен тиындар қайда?!

Құйындар қайда?!

кеудемде ойнап,

санама бойлап, ерік бермеген?

Ұсынар гүлді Мамыр ай қайда?!

Кімге?!

Неге

алмайды анау шамдар астында тұрған

көрікті қызға бөрікті ерлер?

Бәлкім, бәрі де

жалғыздықтан қорқып келгендер…

Менен үмітін үзіп,

үнемі толы мейманға,

жағалауды жағалаған жүгірді мейрамханаға.

Өтпеді тағы… Өкпелі бала…

Кім үйретті сені балалықтан саудаға?!

Заман?!

Тұрмыс?!

Нарық?! – бар болмысты айналдырған тауарға?!

700-500=200

Жүйрік ойға жылдам жеткен жауаптар

Тек қауіпті –

Тау талантқа тас қопарар талаптар!

Аларың бар ма?

Аямай саған берейін,

Шашылған баймын, байыған сайын кедеймін.

Барымды бақпай, жоғымды іздеп кезбесем

Жолыққанда жолдарда саған не деймін.

Аларың бар ма?

Жасқанбай кел де ала бер,

Бөлісем жылы арманыммен де бөлегенше суық қара жер.

Алдама, бірақ, арқалап алып арымды

Махаббатыма сол арым арқау болса егер.

Аларың бар ма?

Ақысыз алшы басқасын,

Үмітімді берем үкілеп саған, үзіле қалса сақтасын.

Алмашы, бірақ, өзімнен үзіп берсем де,

Мұңымды сұрап, көзіңнен шуақ шаттықтан ғана жас тамсын.

Аларың бар ма?

Ұсынайын кең дүние думандарын,

Күміс күлкім, ашуды – долы дауыл.

Сен барда жүрегімде жыр жанады,

Ей, Өмір, өлеңмен емес өзіңмен ауырамын.

Аларың бар ма?

Жырымды ал жаһанға бұйырмаған,

Қаласаң, өлең оқып берейін құйындаған.

Сенімімді сыйлайын сертке берік

Ертіп сені сүйретер қиындардан.

KIMMIN-MEN

Самые популярные посты

0

Аларың бар ма? Аямай саған берейін, Шашылған баймын, байыған сайын кедеймін. Барымды бақпай, жоғымды іздеп кезбесем Жолыққанд...

0

700 - 500 = Пайда

Күн Есіл елімен ертеңге дейін қоштасып, өзге көкжиектерден көрінуге асыққан уақыт. Қараңғы кеш. Есіл жағасында екі бала ақ раушан гүлін с...

0

Мисс Блади Мэри

Қызыл көйлекті мисс Блади Мэри Қызыл ерніне бокалды көтеріп, төңкерді… — Бармен, қайталаңыз! Қызарған қаңтарлық кеште қызар...

0

Мазасыз өмір тәттісің-ау, Қаттысың-ау деп бола ма сені тым қатты сынау. Жағыңа салған жұмыр жаңғақ жарылмаса – Сағың да сынар...